Қаратаудың жұмысшыларына ерекше құрмет көрсетілді
01.09.2025«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мереке қарсаңындағы жұмысшылармен кездесу өтті.

Мерекелік кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, мекеменің басшысы Алмас Қаюпов, Қаратау аудандық прокуратурасының және Қаратау аудандық полиция басқармасының өкілдері қатысып, жұмысшыларды Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, жұмысшыларға Қаратау ауданы әкімінің, Абай ауданы әкімі аппаратының «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының, Қаратау аудандық прокуратурасының, Қаратау аудандық полиция басқармасының «Алғыс хаттарын» және «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» салтанатты түрде марапаттап, 130 жұмысшыға сыйлықтар табыстады.

