«Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда

«Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда

29.08.2025 Off By Администрация сайта

1 қыркүйек қарсаңында елімізде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алуда. Ұлт болашағы білімді ұрпақтың қолында екенін ескерсек, теңізге тамған тамшыдай болған бұл әрекет егеменді еліміздің ертеңі үшін жасалған игі істердің бірі.

«Қызмет» мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы Шардара аудандық филиалының төрайымы Биманова Бахыткүл Құрмантайқызы жаңа оқу жылына дайындық уақытында көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету үшін, көпбалалы 4 отбасының 8 балаға мектепке қажетті киім – кешектермен және оқу құрал-жабдықтарын табыстады.