23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

24.06.2025 Off By Администрация сайта

2025 жылдың 23 маусым күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С. Сүлеймен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен өткен мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Іс-шараға мемлекеттік қызмет ардагерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметшілер шақырылды.

Мемлекеттік қызметшілерді Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Төреғалиев, Департамент басшысы М. Байсалов, «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С. Сүлеймен құттықтап, Қызметтік міндеттерін адал орындағаны және қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Мемлекеттік қызмет ардагері», «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгілері табыстап, мемлекетік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылған «Ана тілім – арым» дәстүрлі облыстық байқауының бас жүлде иегері Теректі ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Жандос Әміржанұлы Сұңғатовты, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиаданың I-орын иегері Бөрлі ауданы әкімі аппаратының командасын, II-орын иегері Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының командасын, III-орын иегері Казталов ауданы әкімі аппаратының командасын марапаттады.