23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай спартакиада өтті
24.06.20252025 жылдың 20 маусым күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Бәйтерек ауданына іс сапарға шығып, ҚР Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өткен спартакиаданың ашылу салтанатына қатысты.
Спорт додасының ашылу салтанатына Бәйтерек ауданының әкімі М.Тоқжанов, Бәйтерек аудандық мәслихатының төрағасы Н.Хайруллин және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Шара барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен әр мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығының қорғалуына, өзін-өзі жан-жақты дамуына, қоғамдық белсенділігінің ерекше маңыздылығына тоқталып, «Бәйтерек» волейбол командасына спорттық киім сыйға тартты. Мемлекеттік қызметшілер спартакиадасы спорттың 7 түрінен өтіп, жеңімпаздар марапатталды.


