«СҚО-да Мемлекеттік қызметшілер күніне орай 60-тан астам адам марапатталды!»
24.06.20252025 жылдың 23 маусымында «Кызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалы облыс әкімдігімен бірлесе отырып, Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Іс-шараға әлеуметтік әріптестер, кәсіподақ аудандық комитеттерінің төрағалары мен қазынашылары, салалық бастапқы кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, мемлекеттік қызмет және кәсіподақ қозғалысының ардагерлері, сондай-ақ облыстық филиалдың қызметін насихаттау бойынша бірлескен жұмыс үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.


Облыс әкімі аппаратының басшысы Әлішев Руслан Қанатханұлы қатысушыларды мерекемен құттықтап, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі атынан Құрмет грамоталарын табыстады. Олар: Мамлют ауданының әкімі, әлеуметтік әріптес Степаненко Елена Федоровна мен Жамбыл аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Змеева Татьяна Владимировна.

Салалық кәсіподақ төрағасы Мирболат Хабиұлы Жақыповтың атынан облыстық филиал төрағасы Темірғали Әбілмәжінов құттықтап, келесі марапаттарды: «Кәсіподақ қайраткері» медалі – Аққайың ауданы әкімінің орынбасары, аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Дюсембаева Махаббат Төлегенқызына, «Еңбек және кәсіподақ ардагері» медалі – еңбек ардагері, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Қалиев Құдайберген Қалиұлына, «Өз ісінің маманы» медалі – Аққайың аудандық кәсіподақ комитетінің қазынашысы Кенжетова Құралай Айтпайқызына, Салалық кәсіподақтың төсбелгілері – облыс әкімдігі кәсіподағы комитетінің қазынашысы Сұлтанғалиева Ақсаулеш Сайлаубайқызына, қала әкімдігі кәсіподағы комитетінің қазынашысы Молжігітова Саида Асқарқызына табыстады.

Сондай-ақ, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, облыстық филиалдың Құрмет грамоталары және «Скиф» фитнес орталығына елу пайыз жеңілдікпен абонемент сертификаттары табысталды.
Мерекелік жиын барысында кәсіподақ мүшелерін қонақтар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Карымсаков Ержан Нағызханұлы пен Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Жұмабек Жанат Серікұлы құттықтап, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Құрмет грамоталарын табыстады.
Іс-шара аясында 60-тан астам адам марапатталды.
Мерекелік атмосфераны музыкалық нөмірлер жандандырып, әр қатысушыға естелік фотолар табысталды.



