Цифрландыру басқармасында өткен кездесу
24.06.2025«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының цифрландыру басқармасында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, салалық кәсіподақ қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәлелелеріне тоқталып, жиын соңында басқарманың қызметкерлерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесімен құттықтап, басқарманың бірқатар қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.

Атап айтқанда:
- басқарманың бөлім басшысы Қырғызбаев Ернұр Серперұлы «Еңбек озаты» төсбелгісімен;
- басқарманың бөлім басшысы Маханов Арман Меирханұлы «Құрмет грамотасымен»;
- басқарма басшысының орынбасары Өмірәлі Айдос Бақытжанұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.




