Тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен кездесті

Тұрғын үй басқармасының қызметкерлерімен кездесті

24.06.2025 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов және басқарманың басшысы Нұрбол Жүнісбеков пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Әбдімәлік Балбаев кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, салалық кәсіподақ қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәлелелеріне тоқталып, жиын қорытындысында басқарманың қызметкерлерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесімен құттықтап, басқарманың бірқатар қызметкерлеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда:

  • басқарма басшысының орынбасары Төлебаев Көпжан «Еңбек озаты» төсбелгісімен;
  • басқарманың әдіскері Тұрсынбекова Ұлжан «Құрмет грамотасымен»;
  • басқарманың әдіскері Тұрғанбек Ақерке «Алғыс хатпен» марапатталды.
    Жиын соңында басқарманың басшысы Нұрбол Жүнісбеков «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдіріп, оның алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.