Қаржы басқармасының қызметкерлері марапатталды
24.06.2025«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының қаржы басқармасында кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізіп, «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, салалық кәсіподақ қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәлелелеріне тоқталды.
Жиын қорытындысында басқарманың қызметкерлерін «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» кәсіби мерекесімен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерімен: басқармасының бөлім басшылары Нысанбаева Замира Тастанқызы және Мәуленқұлова Айгүл Әлішерқызы, «Құрмет грамоталарымен»: басқарманың бөлім басшысы Аскаров Жандос Ниязбекұлы, басқарманың бас мамандары Айметов Қадырбек Маратұлы, Бекмұрат Ердаулет Еркінұлы, Ысқақ Бекбол Қалдыбекұлы, Бекалы Жандос Қайратұлы және жетекі маманы Мырзабеков Азат Мәлікұлы, «Алғыс хатымен»: басқармасының әдіскерлері Сілеусін Әкімбай Қонысбайұлы және Дәурен Асанәлі Жәнібекұлы марапатталды.



