Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаулар шарасы Алматы қаласы Жетысу ауданы әкімі аппаратында жалғасты
24.06.2025Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаулар шарасы Алматы қаласы Жетысу ауданы әкімі аппаратында жалғасты.
Салтанатты шара мемлекеттік әнұранның орындалуымен және жаңадан мемлекеттік қызметке кірген жас қызметшілердің ант қабылдауынан басталды. Жиында Жетысу ауданы әкімі Л.Жылқыбаева жаңадан ант қабылдаған қызметшілерге және ұжымға мемлекеттік қызметтің жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет екенін баса атап өтті. Көп жыл бойы мемлекеттік қызметке арнаған ардагер Жанат Мұрыноваға сый құрмет көрсетілді.
“Қызмет” салалық кәсіподағы атынан филиал төрайымы Д. Айнақұлова ел мүддесіне адал қызмет етіп жүрген әріптестерге халықтың сеніміне лайық бола берулеріне тілектестік білдіре отырып, “Құрмет” грамоталарын табыс етті. Ия мемлекеттік қызмет – бұл жан-жақты білімді, шынайы төзімділік пен сабырлылықты қажет ететін абыройлы міндет.
Еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріміз әрқашан жемісті болсын!


