Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілер арасында QUIZKHANA интеллектуалдық  ойыны өтті

Ақтөбе облысында мемлекеттік қызметшілер арасында QUIZKHANA интеллектуалдық ойыны өтті

24.06.2025 Off By Администрация сайта

23 маусым – ҚР Мемлекеттік қызметшісі күні қарсаңында «Қызмет“салалық кәсіподағының Байғанин аудандық комитеті аудан әкімдігімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер арасында QUIZKHANA интеллектуалдық ойынын ұйымдастырды.

Ойынға алты команда қатысты, жеңімпаз командалар “Қызмет” салалық кәсіподағының ақшалай жүлдесімен марапатталды, белсене қатысқан командарларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.