Елорда мемлекеттік қызметшілеріне кәсіподақ наградалары табысталды!

Елорда мемлекеттік қызметшілеріне кәсіподақ наградалары табысталды!

24.06.2025 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қалалық филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов және оның орынбасары Әлима Бекназарова Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен Тұрғын үй және тұрғын инспекциясы басқармасының бастапқы кәсіподақ ұйымдарын арнайы барып құттықтады.

Құттықтау сөзінде Атақозы Нұрланов мемлекеттік қызметшілерге күнделікті адал еңбегі, кәсібіне деген беріктігі мен ел мен елорданың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғысын білдірді. Сондай-ақ, кәсіподақ қозғалысына қолдау көрсетіп, белсенділік танытып, ұйымшылдық пен сенім білдіргені үшін алғыс айтты.

Іс-шара барысында кәсіподақ жұмысына белсенді атсалысып жүрген, өз ісіне адал қызметкерлерге Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыс етілді.

Барша мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс пен еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріңізге сәттіліктер тілейміз!