23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер арасында кіші футболдан жарыс өтті

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында мемлекеттік қызметкерлер арасында кіші футболдан жарыс өтті

24.06.2025 Off By Администрация сайта

“Қызмет мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы “ қоғамдық бірлестігі Түркістан облысы Шардара аудандық филиалы , аудандық мәдениет және спорт бөлімімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футболдан жарыс өткізілді. Атаулы іс шараға ауданға қарасты дербес бөлімдер мен ауылдық округтер аппаратының қызметкерлерінен құралған 10 команда қатысты.


Жарыс жоғарғы деңгейде тартысты өтті. Жарыс болғансоң жеңіс бао, жеңіліс бар, жарыстың нәтижесінде:
І орын – Аудан әкімі аппараты
ІІ орын – Мәдениет және спорт бөлімі
ІІІ орын – Қала әкімі аппараты мен экономика және қаржы бөлімі иемденді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға кубоктар мен дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Аталған іс шара мемлекеттік қызметшілер арасында бірлікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты,-деген сенімдеміз. Мереке құтты болсын!!!