Шымкентте спартакиаданың шахмат спорт түрінен жарыс өтті

Шымкентте спартакиаданың шахмат спорт түрінен жарыс өтті

12.06.2025 Off By Администрация сайта

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасында спартакиаданың шахмат спорт түрінен жарыс өтті.

Нәтижесі бойынша: 1 орынды Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің командасы, 2 орынды Шымкент қаласы бойынша статистика департаментінің командасы, ал 3 орынды Тұран ауданы әкімінің аппараты командасы иеленді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының тарапынан жеңімпаздарға жалпы 30000 теңге, оның ішінде І-орынға 30000 теңге, ал оның ішінде 2 ер мен 1 әйелдің әрқайсысына 10000 теңгеден қаржылай сыйақы берілді.

Жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші және үшінші орын алған құрама командаларға естелік кубоктары мен дипломдары табысталды.
Сондай-ақ, жекелей біріншіліктік жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.