Шымкентте спартакиаданың арқан тарту спорт түрінен жарыс өтті

Шымкентте спартакиаданың арқан тарту спорт түрінен жарыс өтті

12.06.2025 Off By Администрация сайта

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасында спартакиаданың арқан тарту спорт түрінен жарыс өтті.
Нәтижесі бойынша: 1 орынды Абай ауданы әкімінің аппараты командасы, 2 орынды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.М.Кәрімовтің атынан құрылған «Барыс» командасы, ал 3 орынды Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің командасы иеленді.

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының тарапынан жеңімпаздарға жалпы 150000 теңге, оның ішінде І-орынға 60000 теңге, ІІ-орынға 50000 теңге, ІІІ-орынға 40000 теңге қаржылай сыйақы берілді.
Жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші және үшінші орын алған құрама командаларға естелік кубоктары мен дипломдары табысталды.
Сондай-ақ, жекелей біріншіліктік жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.