Шымкентте спартакиаданың баскетбол спорт түрінен жарыс өтті

Шымкентте спартакиаданың баскетбол спорт түрінен жарыс өтті

11.06.2025 Off By Администрация сайта

«23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні» қарсаңында, Шымкент қаласының жергілікті атқарушы органдар қызметшілері арасында спартакиаданың баскетбол спорт түрінен ерлер командалары арасында және әйелдер командалары арасында бөлек жарыстар өтті.
Нәтижесі бойынша:
Баскетболдан ерлер командалары арасында:
1 орынды Тұран ауданы әкімінің аппараты командасы, 2 орынды Еңбекші ауданы әкімінің аппараты командасы, ал 3 орынды Қаратау ауданы әкімінің аппараты командасы иеленді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының тарапынан жеңімпаздарға жалпы 150000 теңге, оның ішінде І-орынға 60000 теңге, ІІ-орынға 50000 теңге, ІІІ-орынға 40000 теңге қаржылай сыйақы берілді.
Баскетболдан әйелдер командалары арасында:
1 орынды Тұран ауданы әкімінің аппараты командасы, 2 орынды Еңбекші ауданы әкімінің аппараты командасы, ал 3 орынды Қаратау ауданы әкімінің аппараты командасы иеленді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының тарапынан жеңімпаздарға жалпы 150000 теңге, оның ішінде І-орынға 60000 теңге, ІІ-орынға 50000 теңге, ІІІ-орынға 40000 теңге қаржылай сыйақы берілді.

Қорыта келгенде, баскетбол ойынында ерлер мен әйелдер командаларының жеңімпаздарына жалпы 300000 теңге сыйақы табысталды.
Жалпыкомандалық есепте бірінші, екінші және үшінші орын алған құрама командаларға естелік кубоктары мен дипломдары табысталды.
Сондай-ақ, жекелей біріншіліктік жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және медальдармен марапатталды.