Есептік-сайлау жиналысында кәсіподақ ұйымын нығайту бойынша кезекті міндеттер белгіленді

Есептік-сайлау жиналысында кәсіподақ ұйымын нығайту бойынша кезекті міндеттер белгіленді

02.05.2024 Off By Администрация сайта


ҚР Парламентінің «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының автошаруашылығы» ШЖҚ РМК бастауыш кәсіподақ ұйымында есептік-сайлау жиналысы өтті. Оған Астана қаласы бойынша «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов, ҚРКФ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы, заң кеңесшісі, медиатор Әсел Мулдағалиева қатысты.

Жиналыстың негізгі тақырыбы бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын қорытындылау және оны одан әрі дамыту жоспарларын талқылау болды.

Кәсіподақ комитетінің төрағасы Омар Жұмағұлов жиналысқа қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы есеп берді.

Жиынға қатысушылар кәсіподақ комитетінің жұмысын қанағаттанарлық деп таныды.

Сондай-ақ күн тәртібінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасын сайлау мәселесі қаралды.

Ұсынылған 5 үміткердің ішінде Мансур Руслан жаңа мерзімге бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып бірауыздан сайланды.

Алдағы кезеңдегі негізгі міндеттер кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жұмысты жандандыру, ұжымда корпоративтік рухты күшейту, кәсіподақ мүшелерінің санын ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру болып табылады.

Жиналысқа қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Атақозы Нұрланов бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары әлеуметтік әріптестікті нығайтудағы, еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеудегі, еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылаудағы және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсартудағы бастауыш ұйымдардың рөлін күшейту болып табылатынын атап өтті.

Бұдан басқа, кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсетуді күшейту бөлігінде ұжымдық шартқа толықтырулар енгізу туралы жұмыс берушімен келіссөздер жүргізуді ұсынды. Конференция делегаттары қолданбалы келісімнің жаңа нормаларын талқылау бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. Олардың айтуынша, кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын ескере отырып, әлеуметтік кепілдіктерді ескеру маңызды.

ҚРКФ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы Әсел Молдағалиева конференция қатысушыларына еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіріп, кәсіподақ мүшелерінің еңбек дауларын шешуде медиация құралдарын пайдалану мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Жиын соңында «Қызмет» салалық кәсіподағының Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов қатысушыларға еңбек адамының мүддесін қорғау жөніндегі жемісті жұмысы, еңбекшілерге қамқорлығы, кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, мықты денсаулық, бейбіт аспан, одан әрі белсенді өмірлік ұстаным мен ынтымақтастық тіледі.