Ситуациялық орталықтың кәсіподақ мүшелерімен кездесті

Ситуациялық орталықтың кәсіподақ мүшелерімен кездесті

02.05.2024 Off By Администрация сайта

Кестеге сәйкес, «Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізілді.


«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» байланысты еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау туралы хабарлама жасап, «1 мамыр – Қазақстан халының бірлігі күнімен» құттықтап, бірқатар кәсіподақ белсенділеріне наградалар табыстады.
Атап айтқанда: филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен: Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Тоғжан Маратқызы Әбіш, филиалдың «Құрмет грамоталарымен»: Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің инспекторы Шамшат Мұхтарқызы Ақбулат, Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің талдаушысы Магия Табынбайқызы Жанаева және филиалдың «Алғыс хаттарымен»: Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің талдаушы-сарапшысы Парасат Ерғалиқызы Серік, Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің операторы Айгүл Оңалбайқызы Еркеева марапатталды.