«Қызмет»  Салалық  кәсіподағының  Түркістан  облыстық  филиалының  «Еңбек  озаты»  төс  белгісімен  марапаттады

«Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен марапаттады

30.04.2024 Off By Администрация сайта

Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Психоневрологиялық ауытқуы бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арналған «Балдәурен» күндіз болу орталығы» кмм «1 мамыр –Қазақстан Халқының бірлігі күні» мерекесін атап өтті. Мекеме басшысы Нұрлан Жамбаев мекеменің жетістіктеріне тоқталып, ұжымды мерекемен құттықтады.

Сөз кезегінде мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Балқия Құдайбергенова ұжымды кәсіподақ ұйымы атынан құттықтап, ұжымдық шарттың орындалуын баяндады. Мереке қарсаңында мерейлі жасқа келген мекеме жұмыскерлері Қошқарова Халипа Ергешқызы және Нұрымбетов Нұрлыбай Әбдіназарұлын «Қызмет» Салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен марапаттады.