Үшжақты комиссияның кеңейтілген көшпелі отырысы өтті

Үшжақты комиссияның кеңейтілген көшпелі отырысы өтті

30.04.2024 Off By Администрация сайта

«28 сәуір – дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» байланысты Шымкент қаласының Үшжақты комиссиясы «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелік ұйымы – Әл-Фараби аудан әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің үлкен мәжіліс залында «Шымкент қаласының аумағында еңбек қатынастары саласының және еңбек қауіпсіздігінің жағдайы. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы үлгілі мекемелердің озық тәжірибелерімен таныстыру бойынша» Үшжақты комиссияның кеңейтілген көшпелі отырысын өткізді.

Көшпелі отырысқа жұмыскерлердің құқын қорғау өкілдері атынан Салалық кәсіподақтар басшылары мен жұмыс берушілер өкілдері, қала әкімінің кеңесшісі М.Маханбетов, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Әлтеев, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов, экономиканың барлық салалардың өкілдері және тағы басқалар қатысты.

Үшжақты комиссия отырысына Б.Әлтеев төрағалық жасап, оны жүргізіп отырды.

Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов 2024-2026 жылдарға арналған Өңірлік келісім жобасын баяндап, оны бекітуге  ұсынды. Әрі қарай, Шымкент қаласының аумағында еңбек қатынастары саласының және еңбек қауіпсіздігінің жағдайы, еңбекті қорғаудағы озық тәжірибелерді таныстыру бойынша үлгі тәжірибелермен бөлісу бойынша сұрақтар қаралды.

Аталған мәселелер бойынша Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, «BI Group» құрылыс холдингінің Шымкент-Түркістан өңірлері бойынша Техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Шымкент өндірістік филиалының, «Химфарм» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі, «Ламега» ЖШС өкілдерінің озық тәжірибелерімен бөлісті.