Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының сақталуы үнемі бақылауда

Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарының сақталуы үнемі бақылауда

29.04.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы 2023 жылы «Батыс Қазақстан облысының, Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы аудандық мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік архив қызметкерлерінің өтінішіне сәйкес, ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесіне енгізілмегендіктен, лауазымдық айлықақысына 25%-дық үстемақы жылдар бойы мүлдем төленбеген, облыстық кәсіподақ ұйымы аталған мәселемен облыс әкімдігіне, облыстық мәслихатқа, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына жүгінді.

 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 20 қазандағы № 250 қаулы қабылданып, Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 23 қазанда № 7273-07 болып тіркеліп, ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесіне ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік архив қызметкерлері енгізілді.

Осы кезге дейін жылдар бойы төленбей келген үстемақы, күні бүгіні Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік архивтің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақысына 25%-дық үстемақы төленіп отыр.

Батыс Қазақстан облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы аудандық мемлекеттік архиві бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелері осы аталған мәселенің түбегейлі оңтайлы шешілуіне атсалысып,  мәселені оңынан шешіп берген «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағына алғыстарын білдіруде.