Тұрғын үй басқармасының кәсіподақ мүшелерімен кездесті

Тұрғын үй басқармасының кәсіподақ мүшелерімен кездесті

29.04.2024 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізілді.

Кездесуге «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов пен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек қатысып, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайымен танысты.

Сондай-ақ «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» байланысты Шымкент қаласындағы жұмыскерлердің еңбектерін қорғау жұмыстарына тоқталып, Астана қаласында өткен Қазақстанның еңбеккер әйелдерінің «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты I-ші Форумына қатысқан форумның делегаты Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Жұлдызай Сәрсенбайқызы Ордабекованың форумнан алған әсерлері туралы сөз етіп, өзара пікірлер алмасты.

Сонымен қатар, мекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысын үлгілі ұйым деңгейіне көтеру мәселесі де күн тәртібінің негізгі сұрақтарының бірі болды.

Кездесу соңында белсенді кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградалары табысталды. Атап айтқанда:

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының бөлім басшысы Жұлдызай Сарсенбайқызы Ордабекова, филиалдың «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының бас маманы Муротжон Каримжанұлы  Ниязкулов және филиалдың «Алғыс хатымен» Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының әдіскері Муратбек Абдашимұлы Рысдаулетов марапатталды.