Бастауыш ұйыммен тұрақты байланыс нәтижелі еңбектің кепілі

Бастауыш ұйыммен тұрақты байланыс нәтижелі еңбектің кепілі

15.03.2024 Off By Администрация сайта

«Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы Алматы қаласындағы көп жылғы тарихы бар әлеуметтік нысан. Ұжымда қызмет атқарып жатқан 80 маман «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелері, ұйымның басты мақсаты қызмет алушылардың жеке дамуын ескере отырып арнайы әлеуметтік қызметтерді тиімді көрсету, оларды әлеуметтендіру және тұрмысқа бейімдеу. Жақында ғана жеке өз ғимаратына көшіп орналасқан осы мекемеге Алматы қаласы «Қызмет» салалық кәсіподағы филиал төрайымы Д.Айнақұлова барып, қызметкерлердің жұмыс жағдайымен жете танысып, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Биыл осы мекеме өзінің 35 жылдығын атап өтеді.

Орталықта ерекше дамуы бар балалар мен 18 жастан асқан қызмет алушыларға барлық жағдай жасалынған, басты ерекшелігі – сенім мен өзара түсіністік ахуалдың тұрақтылығы. «Қалың қалай бастауыш ұйым» айдарымен қалалық филиал барлық бастауыш ұйымдармен тұрақты байланыста, дер кезінде қызметкерлерден келіп түсетін сұраныстарға жауап беріледі. Міне сондай кезекті сұраныс, бала құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты болды. Филиалдың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түсіндіру жұмыстары нәтижелі де ұтымды өткізілді.