Спорт мінез-құлқымызды қатайтады!

Спорт мінез-құлқымызды қатайтады!

13.03.2024 Off By Администрация сайта

12 наурыз күні Шығыс Қазақстан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламарды үйлестіру басқармасының ұйымдастыруымен Шемонайха ауданының Выдриха ауылында әлеуметтік орталықтар арасында қысқы спорт түрлерінен жарыс өтті. Салауатты өмірді насихаттайтын жарысқа облыстың әр түкпірінен келген жүзге жуық әлеуметтік қызметкерлер қатысты. Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Марапаттау рәсіміне қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподақтарының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Тілеубаев Д.Ә. Зимовье, Тарбағатай арнаулы әлеуметтік орталықтарына және Өскемен қалалық балаларға арнаулы әлеуметтік орталығына кәсіподақтар атынан сый тапсырды.