Тез дамып келе жатқан филиал

Тез дамып келе жатқан филиал

18.03.2024 Off By Администрация сайта

2024 жылдың басында «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамында 63 бастауыш кәсіподақ ұйымы және оның 3744 адам кәсіподақ мүшесі болған.
Жыл басынан 15 наурызға дейін кәсіподақ мүшелерінің саны 652 мүшеге артып, жалпы кәсіподақ мүшелері 4396 адамға жеткен.
Оның ішінде: 1 мекемеден БКҰ ашылып, оған 25 адам кәсіподақ мүшелігіне кірсе, ал бастауыш кәсіподақ ұйымы бар 5 мекемеде штат санының көбеюі есебінен 627 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.