Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мереке!

Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мереке!

11.03.2024 Off By Администрация сайта

“Қызмет” Салалық кәсіподағы Алматы қаласы бойынша филиалының мүшелік ұйымдарында 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні -еңбекші әйелдер қауымына деген ерекше ілтипатпен атап өтілді.
“Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді” тербетіп отырған нәзік жандар қоғамның барлық салаларында аянбай еңбек етуде.

“Әйелдерге жан-жақты жағдай жасау, олардың құқығын қорғау және отбасы институтын нығайту – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы”-деп атап өтті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауында.
Осы мерекеге орай, “Демеу” әлеуметтік қызмет орталығында салтанатты шара ұйымдастырылып, филиал төрайымы Д.Айнақұлова ұжымның қыз келіншектеріне жылы лебіздерін білдірді. Көп жылғы әлеуметтік саладағы еңбегі үшін, ҚРКФ “Үздік әлеуметтік әріптес” медалімен мекеме директоры Искакова Д.Т., санитар қызметінде он бес жылдан еңбек етіп жүрген Жамбаева Бигүл мен Токина Баян “Сарыағаш” шипажайына 50% жеңілдікпен сертификаттармен марапатталды. “Шаңырақ” әлеуметтік қызмет орталығында концерт ұйымдастырылып, барлық қыз келіншектерге сыйлықтар табысталды. Осындай құттықтаулар барлық мүшелік ұйымдарда өтті.
Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық халық аспаптар оркестрінде” Сен үшін” атты мерекелік концерт өткізілді.
Қоғамның құндылықтар жүйесін жаңартуға үлес қосып жүрген әйелдер қауымының еңбегі әр уақытта елеулі болсын.