Әлеуметтік саланың қыз-келіншектеріне құрмет көрсетілді

Әлеуметтік саланың қыз-келіншектеріне құрмет көрсетілді

08.03.2024 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановтың қатысуымен Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш кәсіподақ ұйымында өткен салтанатты жиында әлеуметтік саланың жұмыскер қыз-келіншектерін 8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, белсенді кәсіподақ мүшелері мен зейнеткерлік жасқа жеткендерге «Еңбек озаты» төсбелгілерін, «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» табыстап, гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар тарту жасалды. Жиын соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.