Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері марапатталды
16.11.2023Шымкент қаласының кәсіподақтар орталығында 15 қараша – «Ұлттық валюта күні» және «Қаржыгерлер күні» мерекелеріне орай, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерін марапаттау шарасын өткізді.
Аталған шараға «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Ж.Құрманбек қатысып, төл валютамыздың алғаш пайда болуы, өзгеруі және түрленуі тарихына тоқталып, 1993 жылдың 15 қарашасында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енгенін, ҚР Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша – төл валютамыздың туған күні, әрі қаржыгерлер күні болып белгіленгенін, 2006 жылы 15 қарашада жаңа үлгідегі банкноттар айналысқа енгізілгенін айтып, қатысушыларды атаулы мерекелермен құттықтап, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бірқатар қызметкерлеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.

Атап айтқанда: Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас мамандары Тұрсынов Бахыт Кұдайбергенұлы «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгісімен, Мыңбаев Әлімхан Астарханұлы «Құрмет грамотасымен» және Есқазиев Дәурен Ерғазыұлы «Алғыс хатпен» марапатталды.



[…] clindamicina interacciones medicamentosas[…]
clindamicina interacciones medicamentosas