Қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

Қаржы саласының қызметкерлері марапатталды

15.11.2023 Off By Администрация сайта


15 қараша – Қазақстан үшін ерекше маңызы бар күн. Бұл күні егемен еліміздің тәуелсіздігінің айрықша белгісі – ұлттық валютамыз теңге айналымға енгізілді. Тарихи жаңалық Қазақстанның экономикалық кеңістігін қалыптастырып, қаржы рыногындағы даму негізін қалады. Міне, биыл ұлттық валюта – Теңгемізге 30 жыл толды.

Ұлттық валюта – теңгенің 30 жылдығымен, Қазақстан Республикасының  қаржы саласының кәсіби мерекесімен «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының төраға орынбасары Кеңес Махамбетов Қызылорда қаласының экономика және қаржы бөлімінің ұжымын құттықтап, Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығының құрмет грамотасын бөлімнің бас маманы Сарыбай Бойдановқа, Облыстық салалық кәсіподақтың құрмет грамотасын статист маман Ақтолқын Қаленоваға табыстады.

Бірлігі мол ұжымда барлығы 28 қызметкер бар. Барлығы да кәсіподақ мүшесі.

Мерекелеріңіз құтты болсын!