Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
02.11.2023Қазан айының соңғы жексенбісі еңбегіне адал, ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, мұқтаж жанның жанынан табылып, қамқорлық көрсететін, жүрегіне жылылық нұрын ұялатқан әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Кәсіби мерекеге арналған іс-шара «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 31 қазанында өтті.


Мерекелік шарада «Қызмет» салалық облыстық кәсіподағының «Еңбек озаты» медалімен кәсіподақ мүшесі, әкімшілік-шаруашылық мәселелері бойынша директордың орынбасары Мұратбек Жүсіпов марапатталса, «Қызмет» салалық кәсіподағының, Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің және Облыстық салалық кәсіподағының құрмет грамоталарымен кәсіподақ мүшелері Гүлназ Тұңғышмұратова, Ақылбек Адилов, Сарсенкүл Сүлейменова, Жаңыл Даулет, Құралай Тлеуова, Эльза Рахимжанова марапатталды.

Шараға қатысушылар Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі студенттерінің мерекелік ән-шашуын тамашалады.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
Мереке құтты болсын, әріптестер!

