Құрметке лайық – Құрметті адам
02.11.2023 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2023 жылғы 5 қазандағы № 611 бұйрығына сәйкес халықтың денсаулығын сақтауға қалтқысыз сіңірген еңбегі үшін «Нұрболат» өндірістік кооперативінің төрағасы, медицина орталығының бас дәрігері, уролог дәрігер, әлеуметтік әріптес – Жарылқасын Мелдешов «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Мелдешов Жарылқасын, 1951 жылы сәуірдің 14-ші күні ОҚО, Келес ауданы Жүзімдік ауылында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң Алматы медициналық институтына оқуға түсіп, 1975 жылы хирург мамандығы бойынша бітіріп, институт жолдамасымен туған елге оралып, алған білімін халықтың денсаулығын жақсартуға арнайды.

Бірінші санаттағы дәрігер-хирург, медицина саласында белсенді еңбегімен 40 жыл еңбек етіп абыроймен зейнеткерлікке шығады. Халыққа деген жауапкершілік, жинақтаған тәжірибесі 2014 жылы жеке меншік «Нұрболат» өндірістік кооперативінің ашылуына себеп болады. Және медициналық орталықтың уролог дәрігері лауазымында қызмет атқарады.
Қазіргі уақытта медициналық орталыққа тіркелген 45000 жуық адамға медициналық көмек беру және аурудың алдын алу қызметтерінде тегін медициналық көмек беру қызметтері атқарылуда. Барлығы 70 дәрігер, 150 мейірбикелер жұмыс атқарады
Денсаулық сақтау саласына бар ғұмырын арнаған Құрметті адамды – Құрметті марапатты алуға ұйытқы болған «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының басшысы Мирболат Хабиұлы Жақыповқа, Сарыағаш аудандық кәсіподақ ұйымының басшысы Шырынбек Ешанқұловқа алғысымызды білдіреміз.

