Мерекелік шарада

Мерекелік шарада

02.11.2023 Off By Администрация сайта

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында кәсіби мереке аталып өтті. Мерекелік шараға орталық қызметкерлері мен шараға орталықтың ардагерлері қатысты.

Кәсіби мерекеге орай ұжымның үздік мамандары марапатталып, құрмет көрсетілді. Оның ішінде «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құрмет грамотасымен Жұлдыз Байменова, Гульзира Сексенбаева, «Қызылорда облыстық кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрмет грамотасымен Меруерт Сарсенбаева, Салтанат Жанұзақова және  «Қызмет» салалық кәсіподағының облыстық филиалының құрмет грамотасымен Гульфайрус Қыдырбекова мен Тамаша Ермантаева марапатталды. 

Мерекелік шарада орталық өнерпаздары әннен жыр шашып, би билеп, көрермендеріне мерекелік көңіл-күй сыйлады.