Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін  құрметтеу  жалғасуда

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерін құрметтеу жалғасуда

31.10.2023 Off By Администрация сайта

Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«№ 5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Әлеуметтік оңалту орталығы – бұл тұлғаның қоғаммен тығыз қарым – қатынасына арналған шаралар кешені. Науқастың денсаулығын қалпына келтіру және оны еңбекке және қоғамдық өмірге қайта қосуға бағытталған көп қырлы және ұзақ мерзімді емдеуді қажет ететін азаматтарға қызмет көрсетеді.
Әлеуметтік қызметкер болу оңай емес, қиындығы көп жұмысты қиындықсыз атқарып жүрген азаматтар құрметтің қай түрі болсада лайық.
Мереке қарсаңында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Аралбекқызы Есебаева бірқатар әлеуметтік қызметкерлерді «Еңбек озаты» төс белгісімен Баймұханова Айгерім Бекболатқызын және Алғыс хаттарымен Құрмаш Мәдина Сапарәліқызын, Сулейманова Айжан Дарбалақызын, Қожаев Еркін Берікұлын, Карибекова Айдын Ақылбекқызын, Миралимббаева Гулмира Ирискулқызын, Қосанова Камшат Қалмаханқызын марапаттады.
Марапаттарыңыз құтты болсын!