БҚО-да әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлрі күні мерекесіне арналған салтанатты шара өтті
31.10.20232023 жылдың 27 қазанында ««Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Сүлеймен Серік Кенжебекұлы Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай, Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өткен салтанатты шараға қатысып, кәсіподақ белсенділерін әлеуметтік қорғау саласындағы жемісті еңбегі мен кәсіподақ ұйымының жұмысын жетілдіруде белсенді қызметі үшін «Қызмет» облыстық кәсіподақ ұйымның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Құрмет» грамоталарымен марапаттады.

«Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісі күні атап өтілетін Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні мерекесіне орай биыл да облыс аумағындағы 12 аудандағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің және орталықтарының, 12 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының және 4 қалалық әлеуметтік сала мекемелерінің 62 әлеуметтік қызметкерлерін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күнімен құттықтады.



