Кәсіподақ  мақсаты – еңбек адамының мүддесін қорғау

Кәсіподақ мақсаты – еңбек адамының мүддесін қорғау

31.10.2023 Off By Администрация сайта

Кәсіподақ еңбек адамдарының заңды құқықтарын жан-жақты қорғауда, кәсіпорындарда еңбек дауларының алдын алып, шиеленіскен жағдайға дейін жеткізбей, көптеген әлеуметтік мәселелерді жергілікті жерлерде, еңбек ұжымдарында жедел шешіп беруге жол ашып беріп отыратыны белгілі.

Осы ретте бірқатар салалық кәсіптік одақтар штаттарына заңгер мамандарын еңгізу арқылы аталған мәселелерді жүзеге асыруда.

Заңгер маманы дегеніміз – заң саласындағы, заңгерлік қызметті құқықтық нормаларға сәйкес жүзеге асыратын маман. Аталған жұмыстарды орындау барысында заңгерлер тек құқық көздерін ғана біліп қоймай, құжат мәтіндерін талдай алуы, қайта шыққан заңнамалық құжат актілерін салыстыру, берілген нұсқаның ішінен дұрысын іріктеу жұмыстарын тиімді атқара білу.

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалында заңгер штаты сақталып, тегін заңгерлік көмек көрсетіледі. Үстіміздегі жылдың 10 айында облыстық филиалға кәсіподақ мүшелерінен еңбек қатынастары бойынша әртүрлі 94 сұрақтар келіп түскен. Жиі кездесетін сұрақтардың бірі, жалақы төлеу, кезекті еңбек демалыс күндерін есептеу және шығу тәртіптері, бала күтіміне байланысты ақысыз демалыстан қайта жұмысқа қосылу (шығу) тәртібі және т.б. Сұрақтардың бәріне заң бойынша түсініктеме беріліп, кейбір сұрақтарды анықтау кезінде керекті құжаттарды сұратып, мекемедегі есепшілердің, кадр қызметкерлерінің қатысуымен сұрақтар қаралып, еңбеккерлердің өтініші заң бойынша шешілуі қадағаланады.

Заң бойынша оң шешімін тапқан өтініштің бірі үстіміздегі жылдың сәуір айында келіп түскен болатын. Түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ауысымдық негізде жұмыс жасайтын 20 жұмыскердің түнгі, мереке және демалыс күндеріне төленетін еңбек ақылары қайта есептеліп, 1843304 теңге өндірілді.

Облыстық филиалдың еңбеккерлердің құқығы мен мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.