Түркістан  төрінде  әлеуметтік  қорғау  саласы  қызметкерлеріне  құрмет  көрсетілді

Түркістан төрінде әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

30.10.2023 Off By Администрация сайта

Жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні» болып белгіленген.
Әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күні – қарттар мен мүгедектерге, көпбалалы және күнкөрісі төмен отбасыларға аянбай қызмет етіп жүрген жандарға деген зор құрметтің белгісі ретінде Түркістан қаласында салтанатты жиын өтті.

Аталған шараға әлеуметтік қорғау саласының ардагерлері, тиісті салалық басқарма басшылары, әлеуметтік салаға жауапты аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары және жұмыспен қамту органдарының қызметкерлері, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішев, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуеметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреева, кәсіподақ ұйымдары атынан «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Күлдар Есебаева қатысып, әлеуметтік сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.


Әлеуметтік қызметкерлер кәсіби маман ғана емес, өзгенің мұң-мұқтажына бейжай қарамайтын мейірбан жандар. Әлеуметтік қызметкер болу үшін ең бастысы мейірімділік пен шыдамдылық керек. Түркістан облысы бойынша осы салада әр адамның көңілін тауып, тіл табысып, үлкен жүректілікпен еңбек етіп жүрген 3000 жуық әлеуметтік қызметкер бар.


Жиын барысында әлеуметтік саланың үздік қызметкерлері ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің наградаларымен, облыс әкімдігінің, облыстық мәслихаттың, «Аmanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының, «Қызмет» салалық кәсіподағы облыстық ұйымының «Грамоталары» және «Алғыс хатымен» марапатталды. Одан бөлек, жұмыспен қамту шеңберінде қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін ашқан 10 мүгедектігі бар адамға сертификаттар табысталды. Концерттік бағдарламада патриоттық әндер орындалып, би топтарының өнері тамашаланды.