Кезекті әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

Кезекті әдеп жөніндегі кеңестің отырысы

31.10.2023 Off By Администрация сайта

2023 жылы 27 қазан күні «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы С.Сүлеймен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысына қатысты.
Отырысқа Әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері қатысты.
Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік істер қаралып, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы бұзушылықтарының профилактикасы бойынша бірқатар мәселелер қаралды.
Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуының кепілдіктері белгіленген.
Осыған байланысты, Кеңес отырысы барысында өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің еңбек демалысын беру мен іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталу мәселесіне жүргізілген талдау нәтижелері қаралды.
Талдау нәтижелері Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне еңбек демалысына тиісті төлемдер мен іссапар шығындарының уақытылы төленбейтіндігі анықталды.
Аталған мәселені қарау нәтижесі бойынша мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау маңыздылығына назар аударылып, нақты ұсынымдар жолданды.
Мемлекеттік қызмет істерінің өңірлік департаментімен ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айында облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінде жүргізілген мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша аталған департаменттің басшысы есебін берді.
Кеңестің отырысында өңірде мемлекеттік қызметшілермен әкімшілік құқық бұзушылықтар жасау мәселесіне, сондай-ақ мемлекеттік орган жойылған, қайта ұйымдастырылған кезде, сыйақы беру кезінде жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерініңің құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау қорытындылары қаралып, мемлекеттік органдарға нақты ұсынымдар берілді.