Таза қала жұмыскерлері марапатталды
23.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов тазалық жұмыстарын атқарып жүрген Шымкент қаласының Абай ауданы әкімі аппаратының «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, мекеменің жұмыскерлерімен кездесіп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысып, кездесу қорытындысы бойынша жиын өткізіп, қатысушыларды «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, «Таза қала» бағдарламасының жүзеге асуына, қаланың әлеуметтік-экономикасына және кәсіподақ қозғалысын дамытуға мол үлес қосқандары үшін, мекеменің үздік жұмыскерлері мен белсенді кәсіподақ мүшелері «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларымен марапатталды.

Атап айтқанда: мекеменің жұмысшы дәнекерлеушісі Шавкат Деханшикұлы Муллашиковке «Еңбек озаты» төс белгісі, мекеменің жұмысшылары Айдын Орынбасарқызы Елібаеваға «Құрмет грамотасы» және Салима Раушанқызы Тұрғараеваға «Алғыс хат» табысталды.
Жиын соңында мекеме басшысының орынбасары, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Берік Әбенұлы Ермекбаев ұжым мүшелерін атаулы мерекемен құттықтап, «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдірді.




