19 қазан еліміздің күнтізбесінде Құтқарушылар күні болып аталып келеді

19 қазан еліміздің күнтізбесінде Құтқарушылар күні болып аталып келеді

19.10.2023 Off By Администрация сайта

Жыл сайын «Қызмет» салалық кәсіподағы Алматы қалалық филиалы бұл күнді Республикалық жедел құтқару жасағының ұжымын кәсіби мерекесімен құттықтаудан бастайды.
Құтқарушы мамандығының иелері әр уақытта жанқиярлық пен ерлікке , елдің қауіпсіздігін оттан,судан басқа да апаттан құтқаруды қамтамассыз етуге дайын- бейбіт күннің батырлары.Өзінің күрделі де маңызды қызметін жоғары деңгейде атқарып жүрген мамандар біздің қатарымызда, «Қызмет» салалық кәсіподағының мүшелері екенін мақтанышпен айтамыз. Осы жылдың ақпан айындағы Түркия Республикасындағы жойқын жер сілкінісінің ошағында кәсіби борышын өтеген құтқарушылар, күні кеше ғана Ауғанстандағы жер сілкінісінің салдарын жоюға қатысып келді.

Әлеуметтік серіктесіміз,халықаралық деңгейдегі құтқарушы, 1-сыныпты сүңгуір, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Цой В.К.салтанатты жиынның басында ұжымның атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды.

Сөз алған Салалық кәсіподақтың Алматы қаласы бойынша филиал төрайымы Д.Айнақұлова құтқарушылардың адал да батыл еңбегіне алғысын білдіріп, отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке тіледі. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының атынан «Манкент» шипажайына тегін сауықтыру жолдаманы табыс етті. Сондай ақ филиал атынан Алматының жанындағы «Қазақстан» шипажайына тегін демалыс сертификаттарын тарту етті. Бұл сертификаттарды құтқарушылар үстіміздегі жылдың соңына дейін кез келген уақытта пайдалына алады.Бұл күні филиал құтқарушылардың отбасыларын да, бүлдіршіндерін де ескеріп, Мемлекеттік қуыршақтар театрының қойылымдарына тегін шақыру билеттерін сыйлады. Дәстүр бойынша, филиалдың атынан өнер жұлдыздарының концерті тамашаланды.

. Әлеуметтік серіктесіміз,халықаралық деңгейдегі құтқарушы, 1-сыныпты сүңгуір, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Цой В.К.салтанатты жиынның басында ұжымның атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды.