«Поэзия кеші» мен «Спорт – бұл өмір» атты шаралары қатар өтті

«Поэзия кеші» мен «Спорт – бұл өмір» атты шаралары қатар өтті

23.10.2023 Off By Администрация сайта

«25 қазан – Республика күні» мерекесінің аясында Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен қызмет алушыларға және қызметкерлерге арнаған «Поэзия кеші» мен «Спорт – бұл өмір» атты іс-шарасы өтті.


Іс-шараға арнайы барып қатысқан «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов, мерекелік жиынға қатысушыларды «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикасы мен кәсіподақтар қозғалысын дамытуға мол үлестерін қосқандары үшін, мекеменің үздік жұмыскерлері мен белсенді кәсіподақ мүшелерін наградалармен марапаттады.
Атап айтқанда: 44 жыл бір салада еңбек етіп, зейнеткерлік жасқа жеткен, туған күн иесі, мекеменің бас есепшісі Ләззат Өтемісқызы Қамшыбековаға «Еңбек озаты» төс белгісін және ұжым мүшелерінің сыйлығын табыстады.

«Поэзия кешінде» қызмет алушы белсенді әуесқойлар өлеңдер мен жырлар айтса, ал «Спорт – бұл өмір» атты спорттық іс-шарада “Қол күрес”, “Мимикалық ойын”, “Кім жылдам”, тағы басқа ойындар өткізіліп, жеңімпаздарға орталық басшысының атынан «Алғыс хаттар» беріліп, әрі қарай мәдени бөлім қызметкерінің орындауындағы әсем әндер шырқалды.
Жиын соңында орталық директорының әлеуметтік жұмыс жөніңдегі орынбасары Құдайбергенова Құралай Тұрарқызы «Қызмет» салалық кәсіподағының атына шынайы алғысын білдірді.