Әдеп кеңесінің мүшелері марапатталды

Әдеп кеңесінің мүшелері марапатталды

23.10.2023 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде департамент басшысы Ш.Сұлтанхан департамент қызметкерлерінің қатысуымен Әдеп кеңесінің бірқатар белсенді мүшелерін «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, Егемен еліміздің көркейіп, кемелдене түсуіне атсалысып, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері ретінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақталуын қамтамасыз ету бағытында сіңірген елеулі еңбектері үшін алығысын білдіріп, марапаттарын табыстады.


Солардың қатарында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов «Алғыс хатпен» марапатталды.
Серік Елемесұлы 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында пилоттық жобамен құрылған Оңтүстік Қазақстан облыс әкімшілігінің мемлекеттік қызмет департаментінде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бөлімінің бастығы қызметін атқарып, белсенді жұмыс жасаған.
Пилоттық жоба нәтижелі болып, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының қабылдануына өзіндік үлесін қосқан.
Бұл заң бойынша 2000 жылдан бастап әкімшілік мемлекеттік қызметші бос лауазымдық қызметтеріне ашық конкурстар жарияланып, мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа үлгісі жүзеге асқан.
Қабылданған заңға сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы құрылып, осы басқармаға Серік Әуесханов алғашқылардың бірі болып конкурстан өтіп, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы лауазымдық қызметін атқарған.
Ол 36 жылдан астам еңбек жолының 30 жылдан астам уақытын мемлекеттік қызмет саласына арнаған. Ал, соңғы 5 жылда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі болып жұмыс жасады.