25- қазан Республика мейрамына орай аудандық спартакиада

25- қазан Республика мейрамына орай аудандық спартакиада

17.10.2023 Off By Администрация сайта

2023 жылдың 14 қазан күні «Қарашығанақ» спорт кешенінде 25 қазан -Республика күніне орайластырылған «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық Кәсіподағының Бөрлі аудандық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелерінің арасында аудандық спартакиадасы өтті.

Спартакиадаға кәсіподақ мүшелері Барыс командасы: аудан әкімінің аппараты және дербес бөлімдер, Айбын командасы: Ақсай қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттары, Спорт командасы: «Ақсай» мәдени-бұқаралық, ұлттық ат спорт кешені және Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, Бөрлі командасы: Бөрлі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және «Бөрлі» спорт кешені  болып командаға бөлініп, спорттың 5 түрінен: волейбол, арқан тартыс, үстел теннисі, асық ату, дойбы, табан тартыстан жарысты.

Спартакиада соңында жеңімпаз командалар марапатталды.