Білім саласының қызметкерлеріне марапаттар табысталды
16.10.2023«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов Шымкент қаласының білім басқармасының «№95 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне арнайы барып, мектеп мұғалімдерін «25 қазан – Республика күні» мерекесімен құттықтап, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін, мектеп ұжымының белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.

Атап айтқанда: математика пәнінің мұғалімі Райхан Ілиясқызы Жүсіпова «Құрмет грамотасымен» және зейнеткерлікке шығуына байланысты «Еңбек озаты» төс белгісімен, орыс тілі пәнінің мұғалімі Мария Сайдкәрімқызы Ибрагимова «Құрмет грамотасымен» және биология пәнінің мұғалімі Омар Аманқожаұлы Жақсылықов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Алмасбек Ибрагимұлы Әбішев, бастауыш сынып мұғалімі Клара Сүйіндікқызы Жұмагұлова «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Жиын соңы мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.



