Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым – асыл қазынам

02.10.2023 Off By Администрация сайта

Қариялар қашанда елдің ұйытқысы. Жөн сілтеп, жол көрсетер ардақтылардың мерекесі 1-қазан күні аталып өтіледі. Жыл сайын «Қызмет» салалық кәсіподағы» ҚБ ҚОФ қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдары ардагерлерін құттықтап, сый-сияпаттарын табыстайды.

№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кәсіподақ ұйымы орталықтан зейнетке шыққан 33 ардагерлерді шақырып, дастархан жайып құрмет көрсетті. Шарада әннен шашу шашылып, кездесуден көңіл-күйлері көтерілген ардагерлер ризашылықтарын білдірді.

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің кәсіподақ ұйымы саланың 50 ардагерін, Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің кәсіподақ ұйымы 11 ардагерін, Қызылорда қалалық экономика және қаржы бөлімінің кәсіподақ ұйымы 7 ардагерін мерекемен құттықтады. Сонымен қатар Арал аудандық мәслихат аппаратының кәсіподақ ұйымы аппарат ардагерлеріне сыйлықтарын табыстап , мерекемен құттықтады.

1 қазан – Қарттар күніне орай Облыстық салалық кәсіподақ та өз ардагерлерін, кәсіподақта 38-40 жылдан аса еңбек етіп зейнетке шыққан, кәсіподақ қозғалысының  дамуына өз үлесін қосқан ардагерлер Арлан Елемесов, Шолпан Искакова, Інжу Жүсіпалиеваны мерекемен құттықтады.