Қызмет» қарттарға құрмет көрсетті
02.10.20231 қазан Қарттар күні мерекесінде елордалық «Қызмет» филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында аға буынға қамқорлық, құрмет көрсетуге бағытталған іс-шаралар, концерттер мен қайырымдылық акциялары өткізілді.
ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» бастауыш кәсіподақ ұйымы өз зейнеткерлерінің үйіне барып жылы лебіздерін білдірді.

Мәселен, зейнетке шыққан қарт адамдарға 20 000 теңге көлемінде қаржылық көмек көрсетілді, жалпы бұл мақсаттарға 560 000 теңге бағытталды. Қаржылай көмектен бөлек тәтті бәліштер, жеміс-жидек тарту етілді.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген қызметкерлер үшін концерт ұйымдастырып, мерекелік дастархан жайды.
«Демеу» қайта әлеуметтендіру орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы да өз ардагерлерін құттықтады.
Орталықтың директоры Самат Топатаев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Сәния Шайкенова мекеме ардагерлерін құттықтап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.






