Қоғамдық кеңес мүшелері елордалық ХҚКО жұмысымен танысты
03.10.2023Ағымдағы жылдың 3 қазанында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы және республикалық Қоғамдық кеңестің мүшелері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ведомстволық бағынысты мекемелеріне барып, көшпелі бақылау іс-шарасына қатысты.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және бақылауды жүзеге асыратын орган ретінде мемлекеттік қызметтер сапасына тұрақты талдау және мониторинг жүргізеді.

Қоғамдық кеңес мүшелері Ахуалдық орталықтың, мамандандырылған ХҚКО орналасқан ғимараттың, арнайы практикалық емтиханға арналған автотұрақтың жай-күйімен танысты. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтінімдерді қабылдау және олардың нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға «бір терезе» қағидаты бойынша беруді ұйымдастыру жөніндегі жұмыстармен танысып, агенттік енгізген ұсынымдардың орындалу барысын қадағалады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасының Ахуалдық орталығы онлайн-режимде жұмыс істейді. Ахуалдық орталықтың қызметкерлері бүкіл ел бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылай отырып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тұрақты бейнебақылау жүргізеді.

Бүгінде ахуалдық орталыққа мемлекеттік корпорацияның барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары қосылған. Сондай-ақ ахуалдық орталық шалғайдағы ауылдық округтерге қызмет көрсететін мобильдік ХҚКО жұмысын нақты уақыт режимінде олардың геолокациясы мен жүру бағытын айқындай отырып бақылайды.

Қоғамдық кеңес мүшелері келген Астана қаласының №1 мамандандырылған ХҚКО ағымдағы жылдың 8 айында 200 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

Сапар барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының көшбасшысы Мирболат Жақыпов, Мемлекеттік қызметтің бюрократизация және сервистік моделін қалыптастыру мәселелері жөніндегі комитеттің төрағасы болып табылатын, жалақы, жұмыс орнының жай-күйі, әлеуметтік пакет, қызметшілердің мәртебесі туралы ұсыныстар айтты.
Бұл шаралар қызметшілер үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді және ХҚКО қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеуге жәрдемдеседі деп болжануда.
Агенттік жүргізген арнайы ХҚКО қызметіне талдау нәтижесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалдарына Қоғамдық кеңестің мүшелері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша қажетті шараларды қабылдау және жетілдіру бойынша ұсынымдарды айтты.


