Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында суда жүзуден жарыс өтті
14.06.2023«23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылғы 10 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында орналасқан «Орталық су спорт кешенінде» мемлекеттік органдар қызметшілері арасындағы спартакиада жарысының жүзу спорты түрлерінен жарыс өткізілді.
Суда жүзу спорты түрлерінен жарыстарға қатысушылар командасының құрамы әр мемлекеттік мекеме үшін, 3 адамнан тұратын мемлекеттік қызметші, оның ішінде 2 ер, 1 әйел азаматтар болу шарты қойылып, барлық ойындар жүзу спорты бойынша қолданыстағы FINA қағидаларына сәйкес өткізді.
Бағдарлама бойынша: ерлер 50 метрге еркін жүзу және 50 метрге арқамен жүзу, ал әйелдер 50 метрге еркін жүзу, ерлер және әйелдер 3 х 50 метрге эстафета микс (еркін жүзу) өткізу, эстафетаның нәтижесі бойынша жүзуден жеңімпаз командасын анықтау жоспарланып, жарыс өткізілді.
Жарыс бағдарламасына сәйкес, 13 команда 50 метрге еркін жүзуден жарысқа 13 ер қызметші және 50 метрге арқамен жүзуден жарысқа 11 ер қызметші, сондай-ақ 50 метрге еркін жүзуден жарысқа 9 әйел қызметші, жалпы 33 адам қатысты.
Жеңімпаз командалар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының диломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды. Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 1-орынды иеленген Шымкент қалалық сотының командасына диплом мен 30000 теңге қаржылай сыйлық, 2-орынды иеленген Саттыбаев Айбек Берікұлы жетекшілік ететін басқармалардан құралған спорттық командасына диплом мен 25000 теңге қаржылай сыйлық, 3-орынды иеленген Абай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің командасына диплом мен 20000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.



