Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында шағын футболдан жарыс өтті
14.06.2023«23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында орналасқан спорт кешендерінде мемлекеттік органдар қызметшілері шағын футболдан жарыс өткізіліп, оған 16 команда қатысты.
Шағын футболда команданың құрамында 12 ер адам, оның 6-уы алаңда, 6-уы қосалқы. Жарыстарды өткізу жүйесі өтініш білдірген командалардың санына байланысты бас төрешілер алқасымен белгіленген.
Жеңімпаз командалар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының диломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 1-орынды иеленген Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің командасына диплом мен 30000 теңге қаржылай сыйлық, 2-орынды иеленген Шымкент қалалық сотының командасына диплом мен 25000 теңге қаржылай сыйлық, 3-орынды иеленген Саттыбаев Айбек Берікұлы жетекшілік ететін басқармалардан құралған спорттық командасына диплом мен 20000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.




