Мемлекеттік органдар қызметшілері арасында бильярдтан жарыс өтті
13.06.2023«23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылғы 10-11 маусым күндері «PRINCE» бильярд клубында бильярдтан жарыс өтті.
Жарысқа 16 команда қатысты.

Жарысқа қатысып, жүлделі орынды иеленген командалар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының диломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.

Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 1-орынды иеленген Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің командасына диплом мен 30000 теңге қаржылай сыйлық, 2-орынды иеленген Шымкент қалалық сотының командасына диплом мен 25000 теңге қаржылай сыйлық, 3-орынды иеленген Шымкент қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің командасына диплом мен 20000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.



