Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында тоғыз құмалақтан жарыс өтті
13.06.2023«23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, Шымкент қаласы әкімдігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 маусым күні Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында орналасқан спорт кешендерінде мемлекеттік органдар қызметшілері арасындағы спартакиада жарысының үстел теннисінен жарыс өткізіліп, оған 12 команда қатысты (әр команданың құрамы: 2 ер, 1 әйел). Тоғыз құмалақ ойынынан жарыс жекелей командалық есепте реттелмелі швейцар жүйесімен жүргізілді, ал турлардың саны командалардың жиналуына байланысты мандат коммисиясы отырысында анықталды.
Классика түрінен әр ойыншыға 1 сағат уақыт беріліп, жеребе әр тақта бойынша бөлек өткізілді.
Жарысқа қатысып, жүлделі орынды иеленген командалар «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының диломдарымен және қаржылай сыйлықтарымен марапатталды.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов 1-орынды иеленген Шымкент қалалық сотының командасына диплом мен 30000 теңге қаржылай сыйлық, 2-орынды иеленген Шымкент қаласының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің командасына диплом мен 25000 теңге қаржылай сыйлық, 3-орынды иеленген Тұран ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің командасына диплом мен 20000 теңге қаржылай сыйлық табыстады.



