Еңбек адамының қорғаны – “Қызмет” кәсіподағы”

Еңбек адамының қорғаны – “Қызмет” кәсіподағы”

15.02.2023 Off By Администрация сайта

Бүгін Ұлытау облысы “Кеңгір селосы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.

Кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуы және кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін жеңілдік түрлері туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. “Барлық мәселеде ашықтық – бұл біздің талабымыз!”- деп ерекше тоқталған “Қызмет” Салалық кәсіподағының Ұлытау облысы бойынша төрайымы Кожабаева Раушан Құрмашқызы ұжымға кәсіподақ күшінің маңыздылығын, мемлекеттік қызметшілердің беделін арттыруға, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеуде Салалық кәсіподақтың күнделікті атқарып отырған қызметін, филиалдың алатын орны жайлы ақпаратпен бөлісіп, жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кеңгір селосы әкімінің міндетін атқарушы Дыбысова Дәмелі Меиржановна әр өңірде қызмет жасап жүрген кәсіподақ белсенділеріне өз алғысын білдіріп, жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің көңіл күйіне ғана емес, жұмыс сапасының тиімділігіне де себепші болуы керек екенін айтты.
​Бастауыш ұйымның жаңадан құрылуы кәсіподаққа деген сенімнің арта түскенін көрсетеді.
Кәсіподақ комитетінің төрайымы болып бірауыздан село әкімдігінде мемлекеттік қызметші болып 20 жыл бойы еңбек етіп келе жатқан Шамшиева Динара Жолдыкановна сайланды. Кәсіподақ жұмысын бірге көтерейік! Бірлігіміз жасасын!